МАРАТ ПАШИМОВ АЛМАТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ
Алматыда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының төрағалығымен қаланың медициналық ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесу барысында эпидемиологиялық жағдайға, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі тармақтардың бірі 2025 жылғы 1 қаңтар мен 23 желтоқсан аралығында балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылықты талдау болды. Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау мекемелеріндегі қосымша және қайталама екпелерді, сондай-ақ вакцинациямен қамтуды арттыру және инфекцияның таралуын болдырмау шараларын талқылады. Алматы қаласында "D" (дағдарыс деңгейі) және "E" (шұғыл деңгей) санаттарындағы сақтандырылмаған азаматтар санын азайту бойынша МСАК жұмысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Осал әлеуметтік жағдайдағы тұрғындармен атаулы жұмыстың қажеттілігі
Алматы қаласының Жетісу ауданында емхананың жаңа филиалы ашылды
Алматы қаласының Жетісу ауданында «Құлагер» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының (АМСКО) жаңа филиалының салтанатты ашылуы өтті. Заманауи медициналық нысанды пайдалануға беру қалалық денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады және тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Филиал аудан тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып салынған және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің толық спектрін көрсетеді. Мұнда жалпы практика дәрігерлері мен бейінді мамандардың қабылдауы, профилактикалық тексерулер мен вакцинация, жүкті әйелдер мен балаларды бақылау, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық қадағалау, сондай-ақ үй жағдайында медициналық көмек көрсету жүзеге асырылады. Медициналық ұйым қолданыстағы стандарттарға сай заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл дәл диагностика мен тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Оның ішінде қозғалысы
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәслихатқа қалалық денсаулық сақтау жүйесінің ағымдағы жағдайы туралы есеп ұсынды.
2025 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша оң динамика байқалады: ана мен нәресте өлім-жітімі төмендеуде, туберкулёз, қан айналымы жүйесі аурулары, онкологиялық аурулар және жарақаттар бойынша көрсеткіштер жақсарып келеді. Инфрақұрылымды жаңарту жалғасуда: емханалар мен жедел жәрдем объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жаңа жобаларға арналған құжаттама дайындалуда.Сонымен қатар, ең алдымен ірі стационарларда және жоғары технологиялық, акушерлік, педиатриялық және реанимациялық көмек көрсететін қызметтерде жабдықтарды жаңғырту қажеттілігі сақталуда. Шұғыл медицинаны күшейту шаралары талқыланды. Алдағы жылдары саланы одан әрі дамыту жоспарлануда: материалдық-техникалық базаны жаңғырту, кадрлық әлеуетті қолдау және жаңа мамандандырылған орталықтар құру.
Бүгін №10 қалалық емханада Алматы қаласының Әуезов ауданына қарасты мемлекеттік және жекеменшік емханаларының эпидемиолог және инфекционист дәрігерлеріне арналған маңызды семинар өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы — дифтерияның алдын алу және індет қаупін төмендету жолдары.
Семинарға қаладағы медициналық ұйымдардан келген мамандар қатысып, тәжірибе алмасып, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Жиынды ашқан Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Айгүл Жақыпова өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат беріп, дифтерияның таралу қаупіне және алдын алу шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Одан кейін сөз алған С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының доценті Михаил Одноралов дифтерияның клиникалық белгілері, аурудың ағымы, диагностикасы және заманауи емдеу әдістері бойынша жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар нақты клиникалық жағдайлар талқыланып, тиімді практикалық тактикалар ұсынылды. Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасып, практикалық кеңестер алды. Шараның басты мақсаты — қала
ПАЦИЕНТТЕР МЕН КЕЛУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА!
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-1 бабына сәйкес медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсетуден, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтеушілік таныту- жеке тұлғаларға 30АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131- бабында қорлау үшін қылмыстық жауаптылық көзделген, яғни басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту
Пациенттердің құқықтары мен міндеттері
ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі. 134-бап. Пациенттердің құқықтары 1. Пациенттің осы Кодекстің 12-тарауында көрсетілген құқықтардан басқа: 1) профилактика, диагностика, емдеу процесінде өзіне лайықты қарауына, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне; 2) қандай да бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық өлшемшарттар негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмекке; 3) шұғыл және кезек күттірмейтін көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрігерді немесе медициналық көмек ұсынатын медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға; 4) медициналық ұйымда аудио-, және (немесе) бейнебайқау және жазба жүргізілетіндігі туралы