a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414 8-708-480-32-70
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 8-708-480-32-70

Соңғы жаңалықтар

Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 немесе 1414 8-708-480-32-70
Title Image

Жаңалықтар

Home  /  Жаңалықтар

Жаңажылдық мереке күндері Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі штаттық режимде, іркіліссіз жұмыс істеді. 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін медицина қызметкерлері 11 мыңнан астам өтініш қабылдап, сәтті реанимация жасап, тіпті кей адамдарды үйде босандырған. Осылайша қала тұрғындарына тәулік бойы медициналық көмек көрсетілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, мереке күндері күн сайын 24/7 режимінде 189 бригада желіде жұмыс істеген. 500-ден астам қызметкер - дәрігерлер, фельдшерлер, жүргізушілер, кіші медициналық және техникалық персонал еңбек етіпті. Жалпы, 2025 жылғы 31 желтоқсан мен 2026 жылғы 4 қаңтар

Бүгін №10 қалалық емханада жас ата-аналарға арналған ерекше сабақ өтті. Баланы дамыту кабинетінде алғашқы қосымша тағамды дұрыс енгізу бойынша тәжірибелік оқу ұйымдастырылды. Арнайы маман ата-аналарға сәбиге арналған тағамды қалай әзірлеу керектігін, ең алдымен қай көкөністерден бастау қажет екенін, жаңа асты қандай мөлшерде беру керегін және баланың ағзасының реакциясын қалай байқау керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді. 🔸Шеберлік сабағына учаскелік және педиатрия бөлімшесінің медбикелері де қатысып, білімдерін толықтырды. Олар алған тәжірибесін алдағы уақытта өз аймақтарындағы жас аналармен бөлісетін болады. Сабақ еркін әрі түсінікті форматта өтті: ата-аналар көкейіндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алып, үй жағдайында қолдануға болатын практикалық дағдыларды меңгерді. 🔹Айта кетелік, мұндай шеберлік сағаттары айына 2 рет,

Алматыда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының төрағалығымен қаланың медициналық ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесу барысында эпидемиологиялық жағдайға, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі тармақтардың бірі 2025 жылғы 1 қаңтар мен 23 желтоқсан аралығында балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылықты талдау болды. Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау мекемелеріндегі қосымша және қайталама екпелерді, сондай-ақ вакцинациямен қамтуды арттыру және инфекцияның таралуын болдырмау шараларын талқылады. Алматы қаласында "D" (дағдарыс деңгейі) және "E" (шұғыл деңгей) санаттарындағы сақтандырылмаған азаматтар санын азайту бойынша МСАК жұмысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Осал әлеуметтік жағдайдағы тұрғындармен атаулы жұмыстың қажеттілігі

Алматы қаласының Жетісу ауданында «Құлагер» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының (АМСКО) жаңа филиалының салтанатты ашылуы өтті. Заманауи медициналық нысанды пайдалануға беру қалалық денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады және тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Филиал аудан тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып салынған және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің толық спектрін көрсетеді. Мұнда жалпы практика дәрігерлері мен бейінді мамандардың қабылдауы, профилактикалық тексерулер мен вакцинация, жүкті әйелдер мен балаларды бақылау, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық қадағалау, сондай-ақ үй жағдайында медициналық көмек көрсету жүзеге асырылады. Медициналық ұйым қолданыстағы стандарттарға сай заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл дәл диагностика мен тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Оның ішінде қозғалысы

2025 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша оң динамика байқалады: ана мен нәресте өлім-жітімі төмендеуде, туберкулёз, қан айналымы жүйесі аурулары, онкологиялық аурулар және жарақаттар бойынша көрсеткіштер жақсарып келеді. Инфрақұрылымды жаңарту жалғасуда: емханалар мен жедел жәрдем объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жаңа жобаларға арналған құжаттама дайындалуда.Сонымен қатар, ең алдымен ірі стационарларда және жоғары технологиялық, акушерлік, педиатриялық және реанимациялық көмек көрсететін қызметтерде жабдықтарды жаңғырту қажеттілігі сақталуда. Шұғыл медицинаны күшейту шаралары талқыланды. Алдағы жылдары саланы одан әрі дамыту жоспарлануда: материалдық-техникалық базаны жаңғырту, кадрлық әлеуетті қолдау және жаңа мамандандырылған орталықтар құру.

Семинарға қаладағы медициналық ұйымдардан келген мамандар қатысып, тәжірибе алмасып, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Жиынды ашқан Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Айгүл Жақыпова өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат беріп, дифтерияның таралу қаупіне және алдын алу шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Одан кейін сөз алған С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының доценті Михаил Одноралов дифтерияның клиникалық белгілері, аурудың ағымы, диагностикасы және заманауи емдеу әдістері бойынша жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар нақты клиникалық жағдайлар талқыланып, тиімді практикалық тактикалар ұсынылды. Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасып, практикалық кеңестер алды. Шараның басты мақсаты — қала

Skip to content