a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 222-02-10

Соңғы жаңалықтар

Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7(727) 222-02-10 немесе 1414
Title Image

Жаңалықтар

Мемлекеттік тілді үйрену, әрі дамыту.

Алматы қаласы, Әуезов ауданындағы «№10 қалалық емхана» мекемесінде  мемлекеттік тілді оқыту  жүргізілуде. Емханада «Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы» Саликова А.Ж. оқытып үйретеді. Негізгі мақсаты – қазақ тілінің  мемлекеттік тіл ретіндегі  толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін одан әрі арттыру және тілді дамытуға бағытталған  үйлесімді тіл саясатын жүргізу. Орталық мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру  мақсатында қабылданатын мемлекеттік бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын іске асыруға бағыттау. Тіл мәртебесін кеңейту жұмыстары  емханада маман иесімен бекітілген жоспар арқылы жүзеге асырылып отырады. Емханадағы әр бөлімде  қазақ тілін үйрету сабақтары аптаның 4 күніне бөліп қойлған.  Емхана қызметкерлері қазақ тілін үйрене отырып, келген емделуші адамдармен де қазақша сөйлеуді  үйрену жолдары да қарастырылған. Ұлты басқа  болғанымен, тілегі бір жанашырлар мемлекеттік тілді үйренуді  қолға алуда. Қазіргі таңда жалпы цифрландыру мәселесі жолға қойылып жатқандықтан заманауи онлайын сервистерді де пайдалануға болады.  Сондықтан алдағы уақытта  мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, оны жүзеге асыруды нақты мақсатымыз деп білу керек.  

Skip to content