Жаңа жылдан бастап елімізде медициналық қызмет көрсетудің жаңа моделі кезең-кезеңімен енгізілуде.
Қаладағы №10 емханада ақпараттық-түсіндіру жұмыстары толық көлемде жүргізілуде. Медициналық қызметкерлер науқастарды қабылдау кезінде алдағы өзгерістер туралы айтып қана қоймай, тұрғындармен жеке кездесулер өткізеді, сондай-ақ ашық қоғамдық орындарда сөйлесіп, ақпараттық брошюралар таратты.
Еске салсақ, биылдан бастап 24 әлеуметтік маңызды және созылмалы аурулар бойынша кейбір медициналық қызметтер ТМККК пакетінен МӘМС жүйесіне көшірілді. Енді бұл қызметтер тек сақтандырылған азаматтарға көрсетіледі.
Дегенмен, әлеуметтік маңызды ауруларды бастапқы анықтау бәріне тегін жүргізіледі. Мемлекет 15 жеңілдікті санаттағы азаматтардың, соның ішінде ресми тіркелген жұмыссыздардың, МӘМС жүйесіне жарналарын төлеуді жалғастырады.