Бүгін №10 қалалық емханада салааралық мамандардың қатысуымен кезекті отырыс өтті. Басқосуда қолдауды қажет ететін отбасының жағдайы талқыланды.
Бүгін №10 қалалық емханада салааралық мамандардың қатысуымен кезекті отырыс өтті. Басқосуда қолдауды қажет ететін отбасының жағдайы талқыланды.
Мамандар жас ананың ішімдікке тәуелділігі, баланың дамуындағы кешеуілдеу және ананың денсаулығы сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Әрқайсысы өз саласы бойынша пікір білдіріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Талқылау барысында отбасының тұрмыстық ахуалы мен көрсетіліп жатқан көмектің нәтижесі жан-жақты сараланды.
Жиында әлеуметтік сүйемелдеу жұмыстарының барысы қаралып, оған тартылған мекемелердің өзара әрекеті пысықталды. Мамандар алдағы уақытта атқарылатын қадамдарды нақтылап, отбасыға қолдау көрсету шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.
Мәселе жауапты мамандардың тұрақты бақылауында.