Бүгін қалалық №10 емхананың әкімшілік құрамы тәжірибелі медбике Роза Туркимбаеваны 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. Роза апайдың медицина саласында еңбек жолы ұзақ – 34 жыл, оның ішінде 2010 жылдан бері жоғары санатты медбике ретінде қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар, ол МРП бакалавры дәрежесіне ие.
Әріптестері Роза Қарабекқызына кәсібилігі мен адалдығын жоғары бағалап, оның еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті. Құттықтау шарасында жылы сөздер мен ізгі тілектер айтылып, мерейтой иесіне гүл шоқтары мен құрмет грамоталары табыс етілді.
Емхана ұжымы Роза Қарабекқызына зор денсаулық, ұзақ өмір және кәсіби табыс тілейді.