Бүгін Алматы қаласының №10 қалалық емханасының бас дәрігері Сабит Пазилов 2025 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есеп берді. Есептік кездесуге Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасарлары Еркін Нұрлыханов, сондай-ақ емхана ұжымы қатысты.
Мекеме басшысы есеп беру сөзінде №10 емханасының қызметін сапалы талдап, оның құрылымы мен негізгі көрсеткіштерінің серпініне тоқталды. Сондай-ақ өткен кезеңнің маңызды белестерін атап, аурухананың жылдық қызметінің қорытындысын жариялады және түйткілді мәселелерге де көңіл бөлді.
Есеп соңында Сабит Бексеитұлы емхана ұжымына жыл бойы атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.
Басты баяндамадан кейін бас дәрігер Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Еркін Нұрлыхановтың сұрақтарына жауап берді.

