Адам папилломавирусы (ВПЧ) 200-ге жуық түрді қамтитын вирустар тобына жатады. Олардың кейбіреулері адам денсаулығы үшін салыстырмалы түрде қауіпсіз, ал басқалары ағзадағы қатерлі ісік процесінің дамуын белсендіре алады.
Адам папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы вакциналар — адам папилломавирусының жекелеген штаммдарынан туындаған аурулардың алдын алуға арналған биологиялық препараттар тобы. Қол жетімді ВПЧ вакциналары ВПЧ екі, төрт немесе тоғыз түрінен қорғайды. Барлық ВПЧ вакциналары жатыр мойны обырының даму қаупімен байланысты кем дегенде 16 және 18 типті ВПЧ-ден қорғайды.
ВПЧ вакциналары жатыр мойны обырының 70%, тік ішек обырының 80%, қынап обырының 60%, вульвар обырының 40% және ВПЧ-оң орофарингеальды обырдың 90% - дан астамының алдын алады деп есептеледі[3][4][5][6]. Сонымен қатар, ВПЧ-6 және ВПЧ-11 түрлерінен қорғайтын төрт валентті вакциналар кейбір жыныс мүшелерінің сүйелдерінің пайда болуына жол бермейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) басқа алдын алу шараларымен қатар барлық елдерде жоспарлы вакцинацияның бөлігі ретінде ВПЧ вакциналарын ұсынады. Вакциналар адамны жасына және иммундық жағдайына байланысты екі немесе үш дозада беріледі. Әдетте, тоғыз бен он үш жас аралығындағы қыздарға вакцина егу ұсынылады. Вакциналар 5 жылдан 10 жылға дейін қорғауды қамтамасыз етеді[1]. Вакцинациядан кейін жатыр мойны обырына скрининг қажет . Халықтың көп бөлігін вакцинациялау табын иммунитеті арқыл вакцинацияланбағандарға да пайдалы .
ВПЧ вакцинациясы не үшін қажет? ВПЧ вакцинасы-құрамында антигендер (вирустың жеке ақуыздары) бар арнайы композиция. Денеге енген кезде олар иммунитетті белсендіреді. Нәтижесінде вируспен күресу процесі басталады. Вакцина денені қауіпті тануға "үйретеді".