Алматы қаласы ҚДС басқармасының ШЖҚ «№10 қалалық емхана» КМК туралы ақпарат « Дені сау отбасы – салауатты ел» Ұлттық бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру туралы бағдарламалар өткізілді.
Іс-шараны 6 қыркүйек 2024 жылы 15 адам қатысып емхана қызметкерлері салауатты өмір туралы айтып жеткізді.
«Отбасының денсаулығы» тақырыбында ата – аналарға медициналық мамандарды мектепке дейінгі мекемелердің, қызметкерлердің, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің мамандарын, психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, еріктілерді тарта отырып, денсаулық деңгейін анықтау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
2024 жылы атеросклероздың алдын алу және ерте диагностикалау бойынша бағдарламасын өткізу.
Денсаулыққа, оның ішінде ұраақты болу денсаулығына әсер ететін зиянды әдеттердің аладын алу, сонымен қатар олардың жеке тұлғасына деген қызығушылықтарын ояту, құрбыларының қысымына қарсы тұруға үйрету мақсатында « Болашақ өз қолыңда» тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырылды.
Жастардың салауатты өмір салтына деген көзқарасын, студенттердің өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті сезінуін анықтау мақсатында медицина қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткіздік. салауатты отбасының негізі ретінде ұрпақты болу денсаулығын сақтаудың маңыздылығы, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру туралы айтылып өтті.
Қыркүйек айының 6 күні 30 адамға денсаулықты сақтау және нығайту жағдайында инфографика, парақшалар, буклеттер таратты. Ерлер арасында диогностикалық тексерулер мен жеке түсініктеме беруді ұйымдастыру туралы емханада ашық есік өткізілді. Барлық қатысқан адамдар саны 197 болды. Емханада осындай іс-шараларды өткізу арқылы паценттер арасында бірегей көпір жолы орнады деп айта аламыз. Сондықтан болашақтада әр кез ашық есік кездесулерді ұйымдастырып отыруды қолға аламыз.