Благодарность
Біздің 18-учаскенің медбикесі Туркимбаева Роза Карабековнаға үлкен алғысымды білдіремін! Әрқашан күлімдеп қарсы алып, науқастарға ерекше қамқорлықпен қарайды. Өте мейірімді, сабырлы және өз ісінің нағыз маманы. Барлық сұрақтарға түсінікті жауап беріп, әрдайым көмектесуге дайын тұрады. Осындай жанашыр, жауапты медицина қызметкерлері көп болса екен деп тілеймін. Еңбегіңіз үшін үлкен рахмет! 🌷