Қазақстанда емханаларға тіркеу науқаны басталды

15 қыркүйекте Қазақстанда жыл сайынғы халықты емханаларға тіркеу науқаны басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. Науқан екі айға созылады, яғни 15 қарашада аяқталады. 

Бұл шара жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты азаматтардың тіркелген емханаларға көңілі толмаған жағдайда басқа емханаға ауысуына мүмкіндік береді, ал нарыққа қатысушылар, соның ішінде жаңадан қатысушылар келесі жылы тұрғындарға қызмет көрсетуге тапсырыс алу мүмкіндігіне ие бола алады. "Өткен жылы 300 мыңнан астам қазақстандықтар дәл осындай емханаға тіркелу науқаны аясында емхананың таңдау құқықтарын пайдаланды. Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда екі есеге артық болуы азаматтардың аталмыш шара туралы, жалпы алғанда емхананың еркін таңдау құқықтары туралы хабардар болуының жоғары дәрежеде екенін растайды", - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасының төрайымы міндетін атқарушы Ботагөз Жақсылықова. Отбасына қызмет көрсету және медициналық-санитариялық көмек қолжетімді болуы қағидатын іске асыру үшін азаматтар емхананың тұрғылықты орындарына жақын жерден таңдауы ұсынылады. Бұл медицина ұйымдарының өздеріне тіркелген пациенттердің денсаулығын ұдайы бақылап отыруына және қажет жағдайда үйлеріне бару мүмкіндігін едәуір жеңілдетеді. Дәрігерлердің жүктемесін азайту үшін тіркелуге лимит енгізіледі - бір жалпы тәжірибелік  дәрігерге 1700 адам бөлінеді, бұрын бұл көрсеткіш бір дәрігерге 2000 адамды құраған болатын. "бұл жағдай жаңа бөлімшелердің ашылуына себепші болады деп болжаймыз және осы мәселеге қатысты медицина бизнесінің белсенділігіне сенім артып отырмыз. Өткен жылдың өзінде Қордың жеткізушілерінің саны едәуір артты", - деп тоқталды МӘСҚ стратегиялар мен әдіснамалар жқніндегі басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов.  

"Бүгінгі күні 1365 медицина ұйымдары, олардың ішінде 623 жекеменшік медицина ұйымдары Қордың жеткізушілері болып табылады. 2017 жылмен салыстырғанда жекеменшік жеткізушілер саны 158 медицина ұйымына ұлғайған. Біз 2019 жылы Қордың жеткізушілерінің саны тағы да 10 пайызға өседі деген болжам жасап отырмыз", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында. "Емханаға үш тәсілмен: таңдалған медицина ұйымына барып, "электрондық үкімет" плрталы арқылы онлайн режімде, не болмаса  Халыққа қызмет орталығында тіркелуге болады", - деп хабарлады МӘСҚ медициналық көмекті пайдаланушылар жұмыс және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі басқарушы директор Зәбира Оразгалиева. 

Емханаға жүгіну кезінде азаматтық жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет және бас дәрігердің атына өтініш жазылады. egov.kz порталы арқылы тіркелген жағдайда авторизациядан өтіп, электрондық өтінімді толтыру керек, қызмет көрсету нәтижесі өтінім берушінің жеке кабинетіне жолданатын болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тоқталатын болсақ, онда да тіркелу процедурасы электрондық форматта Connection Points арқылы да жүзеге асыруға болады. Тіркелуге болатын емханалардың тізімі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы "Емхананы таңдау"  бөлімінде берілген. 

 

 

Толығырақ: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-kazahstane-nachalas-kampaniya-prikrepleniya-k-poliklinikam-353629/