Медицина мекмелерінің сала мамандары тартылған "Сау қала" акциясы өтті

2018 жылғы 09 тамызда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін қаланың медицина мекмелерінің сала мамандарын тарту арқылы "Сау қала" акциясы өткізілді. Акцияға Әуезов ауданының медицина ұйымдары белсене араласты. Барлығы 150 адам қатысты. 

Қала тұрғындарына қан қысымын өлшеу, қандағы қант деңгейін анықтау, терапевт, хирург, онколог, эндокринолог, нефролог, ЖТД дәрігерлері сияқты сала мамандарының кеңес беру қызметтері көрсетілді.