"Тұрмыстық зорлық" тақырыбында семинар жиналыс өтті

2018 жылғы 13 ақпанда Әуезов аудандық медицина ұйымдарында семинар жиналыс өтті. Спикерлері "Тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілерге арналған кризистік орталықтың өкілдері болды. Медицина ұйымдарының психологтары мен заңгерлері үшін тұрмыстық зорлық құрбандарын анықтаудың басты аспектілері түсіндірілді, қоғамда зорлық-зомбылықсыз мәдениет қалыптастыру туралы роликтер көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.