Балалар мен жасөсіпірмдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дәріс оқылды

Қазіргі қоғамда ең өзекті және әлеуметтік маңызды мақсаттардың бірі жастар арасындағы қылмыстардың санын азайту жолдарын іздеу мен олардың алдын алу тиімділігін арттыру болып табылады. 

11.12.2017 ж. №133  ОМ Әуезов ауданы ІІМ кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі аға инспектор Кенжебек Өтебалин №10 қалалық емхананың психологымен бірге "Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында дәріс оқыды.