Жүкті әйелдерге арналған ашық есіктер күні

06.06.2017 ж. жұмыс істейтін жүкті әйелдерге арналған ашық ескітер күні өтті. Шара таңғы 06.30 басталды, болашақ аналар өз дәрігерлеріне қаралуы үшін ұйымдастырылды. 

Жүкті әйелдер арасында ойын түрінде ұйымдастырылған сауалнама жүргізілді. Ол әйелдердің дәрігерге жедел қаралуды талап ететін білімдерін анықтауға бағытталған. Жүктіліктің қауіпті белгілері, босанудың алғашқы белгілері сияқты мәселелер қаралды. Баланың қимылдауы, жүктілік кезінде тамақтану, жаттығулар мен босану кезіндегі іс-әрекеттер де талқыланды. МӘМС және ЭКСПО 2017  бойынша ақпараттық материалдар мен сыйлықтар таратылды.