×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/gp10almaty.kz/httpdocs/images/Новость_22.05.2017
×

Внимание

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/Новость_22.05.2017

Халықаралық Отбасы күні - 2017 шарасының өтуі туралы

2017 жылдың 22 мамырында емханада Дүниежүзілік Отбасы күніне арналған ашық есіктер күні өтті. Шараға 254 адам қатысты. Емхананың сала мамандары емделушілерді қабылдады. Дені сау балалар кабинетінде көп балалы 14 отбасы медициналық көмек алды. Отбасын жоспарлау кабинетінде "Мерейлі отбасы" байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. Барлығы 5 отбасылық жұп қатысты.  

   Отбасын жоспарлау, Жас ана, Дені сау бала мектептерінде, Темекімен күрес орталықтарында мамандар кеңес беріп, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі көмек көрсету  әдістемелерін үйретті. Өзін-өзі бақылау күнделігі таратылды. Барлығы 68 адам қатысты. 

22 мамырда қызметкерлер үшін репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау, жасөспірімдердің ерте жүктілігінің алдын алу, ЭГС салдарынан жүктілік кезіндегі асқынулар қаупін азайту, СӨС қағидаттарын сақтау бойынша оқыту семинары өтті.  Семинарға 125 адам қатысты. 

  Онкүндік барысында студенттер мен мектеп оқушылары арасында "Бозбалалар мен бойжеткендердің репродуктивті денсаулығын қорғау", "Адамның өз денсаулығы үшін жауапкершілікті сақтауы" тақырыптарында семинар өткізілді. Барлығы 335 адам қамтылды. Студенттер арасында волейболл бойынша жарыс өтіп, оған 20 адам қатысты. Физикалық белсенділікті арттыру, денсаулықты нығайту мақсаттарында колледжде ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық шаралар ұйымдастырылды. Барлығы 37 адам қатысты. Емхананың холында денсаулықты сақтау тақырыптарында бейнероликтер көрсетілді, репродуктивті денсаулықты нығайту, балалардың сырқаттарының алдын алу, отбасын жоспарлау, физикалық белсенділік, ЖЖАБЖ сақтану, саламатты өмір салтын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдар таратылды. Барлығы 675 дана таратылды. 

 

 

 

{gallery}Новость_22.05.2017{/gallery}